«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Маңызды мәселелер – басты назарда

Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов “AntikorLive” жобасының тікелей эфирінде жаңа оқу жылына дайындық және мемлекеттік мекемелердің жұмысы жайлы баяндады.

– Биылғы жаңа оқу жылы бірқа­тар өзгерістермен басталмақ. 17 мың бала штаттық режімде, бар­лық санитарлық талаптар мен ережелер сақтала отырып оқыты­лады. Өңіріміздегі эпидемиялық жағ­дай нашарласа, біз оларды қа­шықтан оқу форматына көшіреміз. Об­лыста 70 мыңнан астам оқушы бар, біраз бөлігі қашықтан оқиды. Сондықтан оларды компьютер­мен, интернетпен қамтамасыз ету керек, – деген облыс әкімінің орын­басары Ғани Нығыметов қа­зіргі таңда компьютерлер сатып алынып жатқанын жеткізді. Бұл үшін Үкімет резервінен қосымша қаражат бөлінген. 25 тамызға де­йін 2000 компьютер сатып алы­на­ды. Кейбір елді мекендерде ин­тер­нет жылдамдығы төмен, жиыр­­­мадан астам ауылда мүл­дем жоқ, сондықтан олар әдет­те­гідей штат­тық режімде жұмыс іс­тейді. Ба­лаларды мектепке жет­кі­зу үшін ар­найы көліктер де әзір­ленген.

Өңіріміздегі 79 мемлекеттік ме­кеме ашық форматта жұмыс іс­тей­ді, ал 95 басшы бірінші қабат­та азаматтарды қабылдау бөлмелерін ашты. “Ашық әкімдіктердің жа­ғымды тұсы көп. Бүгінгі күні то­ғыз әкімдік осы қағидаға бағына­ды. Жыл соңына дейін тағы төрт әкімдік ашық форматқа ауысады деп жоспарлап отырмыз. Әкім­дік­тердің бірінші қабатында жер мә­селесі, сондай-ақ, құжаттарды ре­сімдеу бойынша жоғары сұра­ныс­қа ие қызметтер көрсетілетін бұрыш жасалады”, – деген Ғани Нығыметов Петропавл қалалық әкімдігінің жұмысына тоқталып, ауылдық жерлерде де осындай форматтағы қызмет түрін ұйым­дастыру керектігін айтты.

Облыс әкі­мінің орынбасары аталған сала­дағы тағы бір жаңа­лық – “Агро көмектің” ашылуын тілге тиек етті. Яғни, облыстық ауыл шаруашы­лығы басқарма­сында фермер­лерге “бір терезе” қағидаты бо­йынша қызмет көр­се­тетін арнайы орын дайындалды.

Ғани Нығыметов тікелей эфир барысында “Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесі жұмысы­ның нәтижесінде шешімін тапқан мәселелерге тоқталды. “Кеңсе мү­шелері жолдардың сапасына ерек­ше назар аударатынын айта кет­кен жөн. Облыс аумағындағы жолдар жөнделіп, жаңалары са­лынуда. Жаңа үйлердің құрылысына қомақты қаражат бөлінуде. Қаржыны бөлу және құрылыс жұ­мыстарының барысын арнайы ба­қылау қажет. Осыған байланысты қоғамдық бақылау құрып, көпші­лік үшін ашық форматта жұмыс істеу керек”, – деді Ғани Нығы­ме­тов.

Сондай-ақ, өңірімізде “Халық­тық бақылау” порталы іске қосы­лып, онда тұрғындар өтініштерін білдіре бастады. Ғани Ны­ғы­метовтің айтуынша, тұрғын­дар­­ды автобус қызметі, сумен, жол, электр энергиясымен жаб­дық­тау мәселелері толғандыр­ған. Соны­мен қатар инфрақұ­рылымды да­мытуға қатысты мә­селелерді ше­шуге баса назар ау­дарылуда. Үстіміз­де­гі жылы 270 елді мекенде жол­дар, мектептер, ауруханалар жөн­делуде, жарық­тандыру және су­мен қамтамасыз ету мәселесі ше­шілуде.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің баспасөз хатшысы.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp