«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

Көзі қарақты оқырман тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына бірқатар заңнамалық өзгерістер енгенінен хабардар деп ойлаймыз. Сөз арасында Қазақстан Үкіметі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатымен бірқатар нормативтік заң актілерін қабылдағанын айта кеткен жөн. Осыған орай өткен жылы Сауда және интеграция министрлігі құрылып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің негізгі міндеттері айқындалды. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің облыс тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаменті ретінде тіркеліп, мемлекеттік саясатты, салааралық үйлестіруді іске асыруды қамтамасыз етеді.

“Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңы еліміздің әрбір қазақстандық үшін маңызды құжаттардың бірі саналады. Бұл құжатты адамдардың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тепе-теңдігін белгілеумен бірге қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз етудің темірқазығы десе де болады. Жергілікті уәкілетті орган өз миссиясы аясында “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң жобасын әзірлеуге белсене атсалысты. Онда мынадай негізгі ережелер қарастырылған: тұтынушылар құқығын қорғаудың институционалды жүйесін нығайту, шағымдарды қарау үшін үш сатылы жүйе енгізу (1-ші саты – сатушы деңгейінде дауларды шешу; 2-ші саты – дауларды сотқа дейін шешетін мекемелер немесе уәкілетті органдар; 3-ші саты – сот органдары), дауларды шешудің сотқа дейінгі институттарын және тұтынушылар өкілдерінің тізімін заңнамалық негізде жинақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында шағымдарды қабылдау үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру, уәкілетті органның рөлін күшейту, ведомоствоаралық кеңес құру, қатысушылардың жауапкершілігін арттыру, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғамды қолдау.
Үкімет қаулысына сәйкес заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Ұсынылған ескертпелер мен толықтырулар жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты талқылануда.

Ләзім МИЯШЕВА, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp