«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗЫ ЗОР ШАРА

“Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты” РМК Солтүстік Қазақстан филиалы мен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен “Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу” тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Семинардың мақсаты 2015-2019 жылдары “Индустриялық-инновациялық даму” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, 2020 жылға дейін техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдірудің кешенді жоспарын, 2014-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру шеңберінде менеджмент жүйесі стандарттарын енгізуді насихаттау болатын.

Аталған іс-шараға сапа менеджмент жүйесі менеджерлері, тамақ өнеркәсібі инженер-технологтары мен өңірдегі бірқатар кәсіпорын өкілдері қатысты. Семинардың бірінші бөлігі қолданыстағы экологиялық менеджмент жүйесін дамытуға тырысатын немесе ISO 14001 стандартын енгізуге шешім қабылдаған, қайта сертификаттаудан өтуге дайындық үстіндегі немесе басқа басқару жүйелеріне экологиялық менеджмент жүйесін біріктіру қажеттілігі туындаған кәсіпорындар үшін пайдалы болды.

Дәріскер, СМЖ сарапшы-аудиторы Ырымкеш Исина экологиялық менеджмент жүйесінің халықаралық стандарт талаптарын, кәсіпорынның экологиялық ортаға ықтимал әсер факторларын (экологиялық аспектілері) анықтау, талдау және бағалау туралы егжей-тегжейлі таныстырды. Семинардың екінші бөлігінде дәріскер HACCP – ISO 22004:2014 “Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ISO 22000 қолдану бойынша басшылық” халықаралық стандарттарының негізгі ережелерін ашып айтты.

Облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының мамандары үшін семинардың ұйымдастырылуы отандық кәсіпорындарға менеджмент жүйелерін енгізу бойынша отандық және шетелдік нарыққа шығу үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға, тауар өндірушілердің бәсекелестігін жоғарылатуға, сондай-ақ, қолданыстағы менеджмент жүйелерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Гүлім ЕГІНБАЙҚЫЗЫ,

“Қазақстан стандарттау

және сертификаттау институты” РМК

Солтүстік Қазақстан филиалының

жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp