«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Медициналық сақтандыруды енгізу — уақыт талабы

Сарапшылар ел ішінде медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын бастап кетті. Осыған орай барлық өңірлерде, сондай-ақ, біздің облыста кең ауқымды акциялар ұйымдастырылуда. Құрамына денсаулық сақтау жүйесінің жетекші мамандары мен аумақтық департаменттер басшылары кіретін арнайы жедел топтар аудандарды аралап жүр. Олар бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне арнап семинар, лекциялар ұйымдастыруда.

Облыстық мәслихат залында өткен кездесуде Туберкулез мәселелері жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Жұмағали Исмаилов пен Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыс бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Лариса Гордеева дәрігерлер мен медицина саласы қызметкерлеріне аталмыш тақырыпта дәрістер оқыды. Жаңа заңнамаға сәйкес, мемлекет, жұмыс беруші және өзін-өзі қамтыған азаматтар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна аударатын болады. Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшері орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. 2017 жылы – 4, 2018 жылы – 5, 2023 жылдан – 6, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай өсетін болады. Жұмыс беруші жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5 пайызына тең. Жұмағали Исмаиловтың айтуынша, мемлекет бұдан әрі де азаматтарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ететін болады. Бұған әлеуметтік мәнге ие аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация мен вакциналау кіреді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp