
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов биылғы күз айында Қызылжар қаласында 500 керуеттік заманауи көпбейінді ауруxана салынатынын айтты. Осылайша, облыс тұрғындары өзге өңірлерге барып, қаржы және уақыт шығындамай-ақ осы жерде жан-жақты ем ала алады. Сонымен қатар жаңа ғимарат медициналық туризмді дамытуға ықпал ететін болады.
Биыл медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 3 миллиард теңге қаржы бөлінгенін айтты. Бүгінгі күнге дейін соның 1 миллиард теңгесі мақсатты жұмсалып, қажетті жабдықтар сатып алынған.