«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚАЖЕТ

Облысқа жұмыс сапарымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова келді. Сапар барысында министр өңірде медицина саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, өңір тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындармен кезде­суде еліміздің бас дәрігері Қазақ­стандағы медици­на саласының дамуы туралы баяндама жаса­ды. Мемлекет бас­­шысының тап­сырмасымен елімізде ауылдық медицина­ның әлеуетін артты­руға баса кө­ңіл бөлінген. Екі жылда 650 алғашқы-медициналық кө­мек көрсету пункті са­лын­бақ. Оның 99-ы өткен жылы қолда­нысқа бе­рілсе, биыл 556 ны­санның құры­лысы аяқталады деп жоспарла­нуда. Қызыл­жар өңіріне алғаш рет келген ми­нистрдің айтуын­ша, облыстағы аудандық емха­на­лар мен ауру­ханалардың ма­териалдық-техникалық база­сын жақсарту қа­жет. Бұл бағытта министрлік та­рапынан қол­дау болатынын айтты.

– Тиісті ме­дициналық меке­мелерде ат­қарылып жатқан жұ­мыстардың есебін тыңдадым. Әрине проб­лемалар жоқ емес. Норма­тив­тік-құқықтық актілер­дің кейбір тұс­тарын халықтың көтеріп отыр­­ған мәселелеріне сай өзгер­­­ту қажет. Бұл жұмыс­ты біз бас­тап кеттік. Сондықтан ең бас­ты міндетіміз халыққа са­па­лы, қолжетімді ме­дициналық кө­мек көрсету, – деді Денсау­лық сақ­тау министрі Ақ­марал Әлна­за­рова.

Кездесуде министр өңір тұр­ғындарының сұрақта­ры­на жауап берді. Ведомство бас­шысына алғашқылардың бірі бо­лып сұрақ қойған өңір тұр­ғыны Қайрат Дүйсенбі қарын­да­­­сы екі жыл бұрын өкпе ау­руына шалдыққанын айт­ты. Науқасқа ота жасалып, өк­пе­­­сі­нің жартысы алынып тас­тал­­ған. Шал ақын ауданында тұ­ратын науқас өткен жылы қай­та ем алу мақсатында Петр­павл­дағы он­кологиялық ауру­ха­на­ға жатуы керек болған екен. Бірақ дәрі­герлер тиісті са­раптама­ларды тек аудандық ауруханада тап­сыратынын ай­тып, емде­лушіні қайта Шал ақын аудан­дық ауру­ханасына жіберген.

– Сергеевкаға бара жатқан жолда қарындасым өзін жайсыз сезінді. Амалсыздан сараптама жасауға тура келді. Алайда кеш­ке жағдайы нашарлап, “Жедел жәрдем” шақырдық. Алғашқы ме­дициналық көмек көрсетілгені­мен, ауруханаға алып кетпеді. “Жаман аурумен” ауыратын нау­қасты әкетпеуге бұйрық барын айтқан медициналық қызметкер­лердің бұл ісі түсініксіз. Ол сонда қандай ведомстволық бұйрық болуы мүмкін? – деді зейнеткер Қайрат Дүйсенбі. Денсаулық сақ­тау министрі зейнеткерден өз әріп­тестерінің атынан кешірім сұрап, бұндай заң жоқ екенін айтты.

Кейін еліміздің бас дәрігеріне муковисцидоз ауруымен ауыра­тын балалардың ата-аналары жүгінді. Бұл – өмірлік маңызды ағ­залар мен жүйелердің, экзо­кринді бездердің зақымдануы­мен сипатталатын қауіпті ауру­лардың бірі. Ата-аналардың айтуынша, бұл аурумен ауыратын балалар арнайы терапиядан өту­лері керек. Ал бұл ем-дом ша­ра­сына жылына 125 миллион тең­ге­ге жуық қаржы жұмсалады.

– 2012 жылы бүкіл елде му­ковисцидоз ауруымен ауыратын балалар таргетті терапия ала бас­тады. Елімізде бұл ауруға шал­дыққан 50 балаға “Қазақстан халқына” қоры есебінен қажетті ем-дом жүргізіледі. Ал менің ба­лам­ның олардан несі кем? Бұл аурумен ауыратын балаларға қайырымдылық қорларын қоспа­ғанда елімізден қандай көмек көр­сетіледі? Қаражат бөліне ме? – деді қала тұрғыны Валерия Куд­рявцева. Өз кезегінде Ақмарал Әлназарова бұл түрлі халық­ара­лық тәжірибелерге сүйене отырып емделетін ауру екенін айта келе, муковисцидоз ауруымен ауы­ратын науқастарға берілетін дәрілер Денсаулық сақтау ми­нистрлігі жанынан құрылған комиссия мүшелерінің рұқсатымен, олардың бақылаумен ғана бері­летінін жеткізді. Министр бөлін­ген қаражатты тиімді пайдалану маңызды екенін айтып, ем-дом­ды кімдер алатынын, дәрілер кім­ге берілетінін арнайы комиссия мүшелері шешетінін сөз етті. Ал өтінішпен келген тұрғынның мә­селесін жауапты мамандар­мен бірге қарастырып көруге уәде етті.

Жалпы біздің облыста бұл аурумен ауыратын 6 бала бар екен. Оларға облыстық ба­лалар ауруханасында арнайы тө­сектер қарастырылғанын атап өту қажет.

Жұмыс сапары барысында Ақ­марал Әлназарова өңірдегі ме­дициналық ұйымдардың жұмы­сы­мен де танысты. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен бірге Қызылжар аудандық аурухана­сында болып, 250 орындық жаңа емхана салу жоспарына айрық­ша назар аударды. Аталмыш ауданда 48 мың тұрғынға түрлі көмек түрлерін ұсынатын 59 меди­циналық ұйым жұмыс істейді.

Сапар барысында министр дә­рігерлермен медициналық кадр тапшылығы, әлеуметтік қолдау және ауылдық денсаулық сақтау нысандарын жарақтан­дыру мәсе­лелерін талқылады. Ведомство басшысы медицина­лық көмектің сапасын арттыру­дың және ха­лықпен профилакти­калық жұмыстың маңыздылы­ғын, сондай-ақ ауылдық меди­циналық ұйымдардың инфрақұ­рылымы мен ма­териалдық-техникалық базасын жақсарту қа­жеттігін атап өтті. “Ауылдық ден­саулық сақтауды жаңғырту” ұлт­тық жобасы аясын­да өңірдің елді мекендерінде 38 медициналық-санитарлық ал­ғаш­қы көмек ны­саны, соның ішінде 22 медици­налық және 16 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып жатыр.

Денсаулық сақтау министрі жергілікті бұқаралық ақпарат құ­ралдары өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте тілшілер тара­пы­нан қойылған сұрақтарға жауап берді. Облыс орталығын­да 2019 жылы жаңа аурухананың құрылысы басталған болатын. Алайда бірер жыл бұрын пайда­лануға берілуі тиіс медициналық кешеннің құрылысы сиырқұйым­шақтанып кетті. Министр тілші­лер­ге құрылысы бес жылға жуық жүріп жатқан облыстық аурухананың бүгінгі жағдайы туралы айтып, түрік инвесторларымен тілдескенін жеткізді. Жыл соңы­на дейін монолиттік жұмыстар аяқталмақ. Аталмыш кешеннің 2025 жылдың соңы, 2026 жыл­дың басында қолданысқа беріле­тіні айтылды.

Жансая ҚАЙЫПОВА.

Ақмарал ҚҰРМАНАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp