«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

“SENIM” денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарбек Дүйсенов өңірімізге жұмыс сапарымен келіп, медицина мекемелері мамандарымен кездесу өткізді.

Аталмыш бірлестік жуырда ауылға медициналық мамандарды көптеп тарту және сала қызметкерлерінің тұрмыстық-әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында қаржылай қолдау бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарламаға қатысуға өтініш білдірушілердің еңбек өтілі екі жылдан кем болмауы тиіс және олардың жасы 35-тен аспауы керек. Қаржылай қолдауға мұқтаж жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін берілетін сертификаттар бастапқы жиырма пайыз жарнамен тұрғын үй сатып алуға арналған.
Сапарбек Дүйсенов біздің өңір бойынша тоғыз сертификат берілетінін айтты. “Облыстық кәсіподақ орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Нұрақаев өз сөзінде жалпы кәсіподақтар қозғалысы тарихында “SENIM” ұйымы қызметкерлердің әлеуметтік және тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламаны алғаш рет жүзеге асырып отырғанын жеткізді. Мұндай бағдарламалар кәсіподақ мүшелерін ынталандыруға, ұйымның мәртебесін көтеруге көмектеседі.

Жеңіс ӘБІЛЕВ,
“SENIM” денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp