«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕДИЦИНА САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады. 

“Ғылыми институттардың ұжымдарын “COVID-19” коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми және Ұлттық биотехнология орталықтарының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқамерзімде жасап шықты. Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін”, – деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

“Аkorda.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp