«2019 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын 20 процентке көтеруді тапсырамын. Осы мақсатта келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұл туралы Елбасы бүгін Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жария еткенде айтты. Учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы біртіндеп көтерілетін болады. Әрбір маманның жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу қабілетіне баса назар аударылмақ. Сондай-ақ Президент жергілікті жердегі медициналық-санитарлық көмекті күшейту қажеттігін атап өтті.