«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЖЕГЕ ТАЯУ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңірде картоп пен көкөніс отырғызу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

Үстіміздегі жылдың 2 маусымындағы жағдай бойынша облысымызда жоспарланған 3,9 миллион гектар алқаптың 88,8 пайызына, яғни 3488,2 мың гектар жерге дән сіңірілді. Дәнді және бұршақты дақылдар 2722,2 мың гектарға себіліп, жоспар 91,9 пайызға орындалды. Майлы дақылдарды егу жұмысы да қарқын алған. Оған дайындалған 712,2 мың гектар алқаптың 608,7 мың гектарында себу жұмыстары аяқталды.

Мал азығын дайындау ісі де ойдағыдай жүргізіліп жатыр. 124,2 мың гектар жерге көпжылдық және біржылдық шөп егілді. Сол сияқты, 27,5 мың гектарға картоп, 5,3 мың гектар жерге көкөніс отырғызылып, жоспар жүз пайызға орындалды.

Көктемгі егіс жұмыстары алдағы 2-3 күн ішінде аяқталады деп күтілуде.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp