«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЖЕ БИІК, ЖҰМЫС ҚАРҚЫНДЫ

Өңірімізде орақ науқаны аяқталуға жақындады. Күн-түн демей еңбек еткен солтүстікқазақстандық диқандар ауа райының қыңыр мінезіне қарамастан, 2,8 млн. гектардың дақылын орып үлгерді. Бұл барлық егіс алқабының 92,7 пайызын құрайды.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шақұбаевтың айтуынша, жауапты науқан алдағы аптада аяқталады деп күтілуде.
– Биылғы қуаңшылыққа қарамастан, облысымызда бидай бітік шықты. Агроқұрылым қызметкерлері уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Ең бастысы, меже – биік, жұмыс қарқынды. Бүгіндері қамбаға 4,1 млн. тонна астық жеткізілді. Оның 2,1 млн. тоннасы бидай. Жаңа астықтың әр гектарға шаққандағы орташа түсімі 14,8 центнерді құрауда. Бүгінге дейін майлы дақылдардың 666,6 мың гектары орылды. Бұл жоспарлы аумақтың 72,2 пайызын құрайды. Майлы дақылдардың түсімі де жақсы. Әр гектардан 8,2 центнер шамасында өнім алынуда. Ауа райы тосын мінез танытпаса, науқанды 7-8 күннің ішінде толық аяқтауға мүмкіндігіміз бар, – дейді Қуандық Нұрғазыұлы.
Картопты жинау барысы да кестеге сай жүргізілуде. Бүгіндері аталмыш дақылдың 31,3 мың гектары немесе 95,5 пайызы жиналды. Әр гектардың орташа көрсеткіші – 149,4 центнер. Сөйтіп, 468,1 мың тонна картоп жиналды.

 

Сурет: https://www.gov.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp