«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙМАН БОЛЫП КЕЛІП…

Облыс орталығындағы құрылыс алаңдарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жатқан шетелдік бір топ азамат ұсталды. Ел аумағына мейман ретінде келіп, кейін жұмысқа орналасқан олар әкімшілік соттың шешімімен бір тәулікке қамауға алынды.

Облыстық ішкі істер департаментінің көші-қон полициясының взвод командирі Аманбай Құсайыновтың айтуынша, Петропавл қаласындағы Горький және К. Сүтішев көшелерінің қиылысында жүріп жатқан құрылыс нысанында заңсыз еңбек етіп жүрген Өзбекстан республикасының алты азаматы жақын күндері елдеріне қайтарылады. Олардың Қазақстанға келуіне 5 жылға тыйым салынады.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзған 807 шетел азаматына әкімшілік хаттама толтырған. Ал оларды заңсыз түрде еңбекке тартқаны үшін 19 жұмыс беруші жазаға тартылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp