«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМДІЛІККЕ БАУЛУ ЖОЛЫ

Мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, жақсылық сыйлау облыс орталығындағы “Ақ көгершін” бөбекжай-балабақшасы үшін игі дәстүрге айналған. Тәрбие бастауына айналған мекеме ұжымы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді.

– Бүлдіршіндерге жақсылық жасауды үйретуді өзімізден бастауымыз қажет. Мұқтаж жандарды демеуге бағытталған бастамалар аз емес. Бүгінде Қызылжарда мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. “Көпбалалы аналар қоғамы” қоғамдық бірлестігі 30-ға жуық отбасының балаларына оқу жылы басталған кезде қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып берді. Бұл қайырымдылыққа біз де өз үлесімізді қостық, – дейді “Ақ көгершін” бөбекжай-балабақшасының директоры Айгүл Ахметова.

Бүгінде аталған бөбекжай-балабақшада 8 топ бар. Олардың әрқайсысында кемінде 25 бала тәрбиеленеді. “Қазақ тобындағы бүлдіршіндердің ата-аналары қайырымдылық шараларынан сырт қалмайды. Олар белсенділік танытып, мұқтаж отбасыларға ойыншықтар, киімдер апарып береді”, – дейді тәрбиеші Гүлнәр Мұстафина.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp