«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМДІЛІККЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

“Бөбек” қорының жетекшісі Сара Назарбаеваның бастамасымен “Өзін-өзі тану” пәнінің алғашқы жобасы еліміз бойынша 2010-2011 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектептерге жаппай енгізілді. Осыған орай Кеңес орта мектебінде пән бойынша “Махаббат пен шығармашылық педагогикасы” атты онкүндік өткізілді.

Мектепішілік линейкада онкүндіктің ашылуы өтіп, кітапханада Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметтері туралы “Мейірім төгетін ана” тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. “Өзін-өзі тану – өмірді тану” атты қабырға газеті шығарылып, оқушылар бір-біріне арнаған жылы лебіздерін алдын ала дайындалған “Ізгі тілек, жылы жүрек” атты ашық хаттар жәшігіне салып жеткізді. “Жақсы көңіл күй – жан шуағы” ұранымен оқушылар мен ұстаздар флешмоб өткізді. “Суреттер сыр шертеді” атты суреттер көрмесі мен 5-11-сынып оқушылары арасында өткен “Өмір – бұл риясыз қызмет ету” тақырыбындағы шығармалар және информатика пәні мұғалімінің жетекшілігімен “Елім” деп соғар жүрегім” сайыстарына да оқушылар белсене қатысты.  

“Еңбектің наны тәтті”, “Мейірімділік – асыл қасиет”, “Кәусар бұлақ тұнығынан”, “Қызыққа толы бұл әлем” тақырыптарындағы бірыңғай сынып сағаттары күні өткізіліп, мектеп түлектеріне арналған “ҰБТ-ға сеніммен барайық” тренингі ұйымдастырылды.

Онкүндіктің әрбір күні мейірімділікке толған мерекеге айналды. Оқушылардың өз бойындағы қабілеттерін ашу бағытында өткізілген “Екі жұлдыз”, ана, туған жер, досқа және өмірге деген сүйіспеншілік пен махаббат тақырыбындағы әндер байқаулары ұжым мүшелерінің көңілінен шықты. Оның қорытындысы бойынша оқушылар жүлделі орындарға ие болып, марапатталды.

Мектеп директоры Балапан Базарбекова жетім көрсе, жебей білген Сара Алпысқызының еңбектерін оқушыларға үлгі етіп, осындай асыл қасиеттерді өз бойларына дарыта білуге шақырды.

Қуаныш МҰХАМЕДИНА,

Кеңес орта мектебінің

“Өзін-өзі тану” пәнінің мұғалімі.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp