«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕЙІРІМДІ ТӘРБИЕШІ

Осыдан екі жыл бұрын ұлымды “Алпамыс” балабақшасына апардым. Ата-анасынан бір елі қалмайтын бүлдіршіннің бейтаныс ортаны жатсынып, жылағаны әлі есімде. Сол кезде “Ботақан” тобының тәрбиешісі Еңілік Тұрсынова ұлымның балабақшаға тез бейімделуіне көмектесті.

Бүгінгі таңда Темірғали балабақшаға барғанды ұнатады. Баланың ой өрісі дамып, сөздік қоры молайды. Сонымен қатар оқуға деген құлшынысы артты. Балабақшада тәрбиешілердің ұйымдастыруымен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған шараға ата-аналар да белсене қатысты. “Ашық есік күндерінде” балалардың сабағына кіріп, үйде байыз таппайтын олардың тәрбиешілердің әр сөзін мұқият тыңдап отырғанын көріп, қуандық. Еңілік Бауыржанқызы күн сайын әрбір балғынның қандай жетістігі бар екенін айтып отырады. Ол бүлдіршіндер салған суреттен көрме ұйымдастырады. Осылайша, балаларымыз үйде де, балабақшада да қамқорлық пен мейірімге бөленіп өсуде. Қазір кішкентай бүлдіршіндердің өзінің жұмысына сүйіспеншілікпен қарайтын тәрбиешілеріне деген құрметі зор.


Айгүл ӘБІЛЕВА,
Петропавл қаласының тұрғыны. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp