«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКЕНЖАЙ АНЫҚТАМАСЫ ЖОЙЫЛДЫ

1 қарашадан бастап «Тұрғылықты жерден мекенжай анықтамасын беру» мемлекеттік қызметі тоқтатылады. Азаматтың мекенжайы туралы мәліметті енді жеке және заңды тұлғалар «электрондық үкімет» порталы арқылы ақпараттық жүйелерден алатын болады.  

Жеке тұлғалар өзінің тіркелуі туралы мәліметті бүгінгі күні «электрондық үкімет» порталындағы өзінің жеке кабинетінде тексере алады.

Тұрғын-үй иелеріне өзінің мекенжайы бойынша тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді портал немесе телефондағы «электрондық үкімет» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.
Мемлекеттік қызмет реестріне шекаралас аумақтардың тұрғындарына тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәлімет беру қызметі қосылған. Елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәлімет анықтама түрінде – мемлекеттік шекарадан өту кезінде өткізу пунктеріне ұсыну үшін, ХҚКО және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тек шекарлас аумақтың тұрғындарына ғана берілетін болады (ҚР және Ресей Федерациясы, Түркіменстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара жол жүру келісімі). Яғни, шекаралас аумақтардың тізіліміне кірмейтін елді мекендердің тұрғындары аталған қызметке жүгінсе, жүйе техникалық түрде мәлімет бермейді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp