Петропавлда мектеп инспекторына қол жұмсау фактісі тіркелді. Сабақты себепсіз босатқан оқушыны үйінен таппаған ювеналды полиция инспекторлары оның қайда екенін білу мақсатына анасының жұмыс орнына келеді. Полиция қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтып, мектеп инспекторының киімін жыртқан 37 жасар әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы («Билік өкiлiне қатысты күш қолдану») бойынша іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес екі мың айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынып, екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өткен жылы полиция қызметкерлеріне қатысты күш көрсеткен 20 адамға түрлі мерзімге бас бостандығын шектеу жөнінде жаза тағайындалған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 1 қаралым
- 09.05.2025
- 0 қаралым
- 09.05.2025
- 2 қаралым