Жуырда Полудин ауданының парткабинетінде мектеп директорлары мен оқу үйі меңгерушілерінің кеңесі болып өтті. 1941 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы туралы Тоқшын орта мектебінің директоры Истоми, Ново-Никольск орталау мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Оним жолдастар баяндама жасады.
Оқушылар мен оқытушылар коллективі колхозшылар арасынан да саяси-көпшілік жұмыстарын жүргізеді. Олар бір жарым ай колхозда жұмыс істеп, 2134 еңбек күн тапты. Оқушылар әңгіме өткізіп, қабырға газеттерін шығарды. Әсіресе, 10 класс оқушысы Афанасьев агитация жұмысын ойдағыдай жүргізді. Оқушылар мен оқытушылар жауынгерлерге тамаша қамқорлық көрсетуде. Отанымыздың қорғаушыларына арнап екі сыйлық тарту жіберіліп, 7 фуфайка тапсырды. Оқытушылар ай сайын еңбекақыларынан 395 сом бөліп, мемлекеттік заемдардың 10 мың сомдық облигациясын берді. Бір постановка қойып, одан түскен 157 сом ақшаны Отан қорғау қорына тапсырды. Соңғы кездерде кептірілген көкөністер жиналып жатыр. Оқушылар көкөніс жинау жөнінде туысқандарының үйіне барып, түсінік жұмыстарын жүргізеді. Қысқа мерзімнің ішінде оқушылардың ата-аналары 3560 сомның облигациясын жинап тапсырып, майдандағы армияның жауынгерлеріне 9 сыйлық тартулар жіберді.
(“Ленин туы” газеті
25 қараша 1942 жыл).