Калиновка орта мектебінде отбасымен бірлескен шаралар өткізу дәстүрге айналған. Осындай сайыстың біріне алты отбасы қатысты.
Алғашқы кезеңнің тапсырмасы бойынша әр отбасы топтың атын және ұранын атап, өз командасын таныстыруы керек болды. Екінші кезеңде қатысушылар отбасы, білім, мектеп туралы мақал-мәтелдер айтып сайысты. Кейін жұмбақтар жасырылды. “Бұл кім?” сайысы қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Тағы бір тапсырма отбасы портретін салу болды. Қазылар алқасының құрамындағы психологтер әр суретке түсініктеме берді. Соңғы сайыс “Бір күні біздің отбасында” деп аталып, ата-аналар мен балалар өздерінің “кішкентай отанында” болған қызықты сәттерді еске түсіріп, сахналады. Бұл сайыс өте қызықты өтті.
Шара соңында қатысушыларға: “Ұрыс-жанжалсыз, бір-бірімен тату өмір сүретін отбасының құпиясы неде?” деген ортақ сауал қойылып, оған жауапты әр топ қағазға жазып ұсынды. Бірнеше нұсқаның ішінде “Түсіністік” сөзі басымдыққа ие болды.
Татьяна БОНДАРЕВА,
Калиновка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Ғ.Мүсірепов атындағы аудан.