«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТЕН ҚОЛДАУ ЗОР

“Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі кәсіпкерлік субъектілері арасында “Мемлекеттік қолдау шаралары” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен өткен шараның мақсаты – отандық кәсіпорын қызметкерлерінің біліктілігін арттыру. Яғни, кәсіпкерлерге сыртқы экономикалық қызметтің стратегиялық ерекшеліктерін, тәжірибелік диагностика және стратегия жасау дағдыларын үйренуге, өз кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін бағалауға мүмкіндік берілді.

Бизнес-жаттықтырушы Станислав Чукуев және “Қазақстандық индустрияны дамыту институты” АҚ-ның бас сарапшысы Данара Оразалинова облыстағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі мәліметтермен бөлісті. Кәсіпорынға инвестициялық қаражат тарту, оны игеру жолдары жайлы айтты.

Жиында Станислав Чукуев кәсіпкерлер “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының көмегіне жүгіне алатындығын мәлімдеді. Бағдарлама қатысушылары “Бизнес Бастау” жобасы арқылы оқытылып, екінші деңгейлі банктерден алған несиелері кепілдендіріледі. Сондай-ақ, бизнес идеяны жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар беріледі.

Данара Оразалинованың айтуынша, кәсіпкерлер “Бизнестің жол картасы – 2020” кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасының да игілігін көре алады. Несиелеу шарттарын түсіндірген спикер өңірімізде кәсіп ашқысы келген әрбір адамға мемлекет тарапынан қолдау барын жеткізді.

Елена ОГАРКОВА, “Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқығын қорғау қауымдастығы” қоғамдық бірлестігінің менеджері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp