«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІҢ ТӘРТІБІ

Әдiлет органдары орталық мемлекеттiк органдардың, ведомстволардың, мәслихаттардың, әкiмдіктердiң нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеуден өткізеді. Ол үшін актілердің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тексеріліп, азаматтардың құқықтары, бостандығы мен заңды мүдделеріне қайшылығы анықталады. Өткен жылы облыстық әділет департаменті 668 нормативтік-құқықтық актіні тіркеді. Белгілі себептерге байланысты үш акті тіркелген жоқ.

Мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерін қабылдау тұтастай алғанда заңнаманың дамуымен тығыз байланысты. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіпкерлікке кедергілердің болмауы, заңнаманы жетілдіру мәселелері нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тиімділігіне байланысты. Мемлекеттік тіркеу заңдылықты бақылап қана қоймайды, нормативтік-құқықтық актілердің қолданысқа енуі де оған тәуелді. Егер нормативтік-құқықтық акті мемлекеттік тіркеуден өтпесе, ол жарамсыз болып табылады.
Нормативтік-құқықтық акті қабылданғанға дейін көпшіліктің талқылауына ұсынылады. Ол “Электронды үкімет” веб-порталында орналастырылады. “Электрондық үкімет” веб-порталына тіркелгендердің жобалардың нақты құрылымдық элементтеріне қатысты ескертулері, ұсыныстары электронды цифрлы қолтаңбамен куәландырусыз қысқаша түрде қабылданады.
Жобаларды әзірлеуші мемлекеттік органдар талқылау аяқталған күннен кейін үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде түскен ескертулер мен ұсыныстарды қарап, өз шешімін шығарады.

Айбат МҰХИТОВ,
облыстық әділет департаменті нормативтік- құқықтық актілерді
тіркеу бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp