«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ҮЗДІК IT-ЖОБА

Үстіміздегі жылы Алматы қаласында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форум өткізді. 

Еуразиялық экономикалық одақ елдері – Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстанның үкімет басшылары қатысқан форумда Бас прокуратураның «Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасы «Мемлекеттік сектордағы үздік IT-жоба» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. «Digital Almaty Awards» сыйлығын жеңіп алған бұл жоба 2017 жылдың шілдесінде енгізілді. Оның іске асырылуы жедел және ашық процесті қамтамасыз етуге, азаматтарға айыппұлдарды тез және ыңғайлы төлеуге, сондай-ақ адам факторын алып тастай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Өңірімізде өткен жылдан бері әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі арқылы 54 388 әкімшілік материал жасалды. Мамандар 611 планшет және 518 принтермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, былтыр электрондық хаттамалар бойынша өндіріп алу көрсеткіші 64,7 пайызды құрады.

Сурет https://primeminister.kz/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp