жауапты хатшылар, аппарат басшылары – 82;
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушілері, билік тармақтары аппараттарының бөлім меңгерушілері – 144;
комитет төрағалары, МҚІА-нің аумақтық департаменттерінің басшылары – 221;
қала және аудан әкімдері – 467;
Тексеру комиссияларының төрағалары және мүшелері – 115.
Іріктеуге қатысушылардың 73%-ы – мемлекеттік қызметшілер (29 %-ы – орталық мемлекеттік органдарының орталық аппараттары, 44 %-ы – өңірлердегі мемлекеттік органдар), 27 %-ы – мемлекеттік қызметші болып табылмайтын кандидаттар. Кандидаттардың 12,1 %-ы – әйелдер.
Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша 792 кандидат арнайы біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылды және тестілеуге жіберілді.
14–23 сәуір аралығында «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды тестілеу өткізілді.Тестілеуге 746 кандидат қатысты. 365 кандидат шекті мәндерден өтіп, тестілеуді сәтті тапсырды, ал 381 кандидат (51%) шекті мәндерден өте алмады.
Өңірлік кадрлық комиссияларда кандидаттармен әңгімелесу өткізілді. Облыс әкімдері басқаратын осы комиссиялар әрбір кандидатқа оның кәсіби және жеке қасиеттері бойынша баға берді. Олар өздерінің осы бағаларға негізделген ұсыныстарын Ұлттық комиссияға жолдады.
Іріктеудің қорытынды кезеңі болып табылатын Ұлттық комиссиядағы кандидаттармен әңгімелесу 16–20 мамыр аралығында өтті. Оған 365 кандидат қатысты. Соның нәтижесінде «А» корпусының кадр резервіне 149 кандидат ұсынылды. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер – 80 %, квазимемлекеттік сектордың, бизнес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және жұмыссыздар – 20 %; ерлер – 84 %, әйелдер – 16 %.
Жалпы алғанда, «А» корпусының резервіне конкурс бір орынға 7 адамды құрады, бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен 2,9 есе көп. Бұл «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің былтыр енгізілген жүйесі қоғамдық қолдауға және азаматтардың сеніміне ие болғанын айғақтайды.
Бір айта кетерлігі, Ұлттық комиссия іріктеуден өтпеген, алайда біршама әлеуеті бар кейбір кандидаттарды «Б» корпусының өнірлік деңгейдегі басқарушылық лауазымдарына конкурстарға қатысу үшін ұсынды.
Осылайша, биылғы және былтырғы жылғы іріктеу қорытындылары бойынша«А» корпусының 533 лауазымына 553 адамнан тұратын резерв қалыптастырылды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «А» корпусының кадр резервіне қабылданғандардың ішінде Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Бекшенов, Петропавл қаласының бұрынғы әкімі Болат Жұмабеков, облыстық Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбеков, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай Тұралинов және Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Иван Турков сынды белгілі азаматтар бар. Сондай-ақ бір кезде Қызылжар өңірінде әртүрлі басшылық қызметтер атқарған Қалилла Абдуллаев, Ержан Айнабеков, Денис Иванов, Берік Мұстафин, Саида Сағдат, Жанат Шұғаев сынды тұлғалар да «А» корпусының кадрлық резервіне кіргізілген.
«Қызылжар – Ақпарат».