Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Twitter«-дегі парақшасында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке қатысты пікір білдірді.

«Президент Сооронбай Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды», – деп жазды Мемлекет басшысы.
egemen.kz