Тәуелсіз мемлекетіміздің Конституциясының қабылданғанына жиырма жыл толып отыр. Ата Заңымыз мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық және құқықтық дамуының іргетасы болып табылады. Оның демократиялық ұстанымдары мен адам құқықтарына кепілдігі мемлекетімізді әлемдік аренаға шығарды және қолға алынған реформаларды жүзеге асырудың қозғаушы күшіне айналды, соның арқасында дамыған отыз елдің қатарынан орын аламыз деген сенім туып отыр.
Мемлекетіміздің Ата Заңы декларативтік құжат емес. Бұл – қазақстандықтардың өміріне күнделікті қажетті ережелер жиынтығы. Конституцияның 83-бабына сәйкес мемлекет пен қоғам өмірін конституциялық реттеу тетігін жүзеге асыруда прокуратура органдарының рөлі ерекше. Прокуратура мемлекет атынан ел аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады, заң бұзушылықтарды анықтап, Конституцияға және ел заңдарына кереғар құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Азаматтардың конституциялық құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғау жөніндегі тиімді жұмыс – прокуратура органдары қызметінің басым бағыты.
Үстіміздегі жылы прокуратура органдары әлеуметтік-экономикалық заңдылықты қадағалау саласында 350 тексеріс жүргізіп, 6 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады және оның 5,5 мыңнан астамы дер кезінде жойылды. 10 847 азаматтың конституциялық құқығы қорғалды.
Жыл басынан бері 1300 прокурорлық ықпал ету актісі қаралды. Қарау қорытындысы бойынша 600-ден астам тұлға – тәртіптік, 500-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс қорытындылары бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.
Қадағалау актілері бойынша сомасы 313,9 млн. теңге зиянның орны толтырылды, 13,6 млн. теңге әкімшілік айыппұл өндірілді. Барлығы сомасы 2,5 млрд. теңгеге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану саласында прокурордың актілері бойынша 33 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды және сомасы 31,5 миллион теңгенің шығыны өтелді.
Өкілетті органмен өзара іс-қимыл нәтижесінде облыстың 5 ауданында жекелеген реттелетін қызметтерге, яғни электрмен және газбен жабдықтау бағасын төмендетуге қол жеткізілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын бұзушылықтың, еңбек ұжымдары тарапынан наразылықтың уақтылы алдын алу мақсатында еңбек қатынастары саласындағы жағдайға тұрақты негізде мониторинг жүргізіп тұрады. Прокурорлардың актілері бойынша 671 жұмысшының сомасы 69 078 250 теңге жалақы борышы өндіріліп алынды.
Прокурорлар кәсіпкерлердің де алаңсыз жұмыс істеуіне мүдделі. Жас кәсіпкерлерге және бизнес өкілдеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында Кәсіпкерлер палатасының мамандарымен бірлесіп, “Өз бизнесіңді ашатын кез келді” акциясын өткіздік. Сонымен бірге, ішкі істер органдарымен бірге “ВКонтакте” әлеуметтік желісінде діни және ұлтаралық кикілжің тудырмақшы болған арандатушылық мазмұндағы материалды жариялаған тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуге қозғау салды. Соның нәтижесінде кінәлі азамат жауапқа тартылды. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы жұмыстарды әлсіретпеу үшін барлық өкілетті органдармен тығыз байланыс орнатылған.
Қылмыстық заңнаманың өзгеруіне, яғни әкімшілік құқық бұзушылықтардың Қылмыстық кодекске көшірілуіне байланысты биыл соттарда қаралған істер саны – 12 пайызға, үкімдер саны 31 пайызға артқан.
Сонымен қатар, биылғы жылы “Бітімгершілік – Примирение” жобасымен сот сатысына дейін 1213 іс қысқартылып, соның нәтижесінде адвокаттарға төленетін 7 млн. теңге қаражат үнемделді.
Жаңа іс жүргізу институттарының жұмысына оң баға беріліп отыр. Бүгінгі күні прокурорлар бұл бағыттағы 20 іс бойынша қадағалауды жүзеге асыруда.
Кінәні мойындау туралы мәмілелер үлгісінде іс жүргізу келісімі институты кеңінен енгізіліп, биыл 38 тұлғаға қатысты 31 іс қаралған. Жазалау саласында жаза практикасы 10 пайызға төмендеген. Жазаның балама түрлері бойынша оң серпін байқалып отыр, 20 тұлғаға қатысты іске байланысты 18 млн. теңгеден астам айыппұл белгіленген.
Прокурорлардың талап-арызымен биыл 11 қылмыстық іс бойынша мемлекет бюджетіне 12,5 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында арнайы прокурорлар тергеген қылмыстық істер саны, былтырғы жылмен салыстырғанда, екі есе, яғни 10-нан 17-ге дейін өскен. Тергеу барысында сомасы 533 140 теңгенің шығыны орнына келтіріліп, оның ішінде 171 000 теңге мемлекет кірісіне қайтарылды.
Бүгінде біз елмен бірге бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша тұжырымдамалық жоспарды жүзеге асырудамыз. Бұл атқарылып жатқан игі шара – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың авторлық реформасы. “100 нақты қадам” – заңның үстемдігі және қазақстандықтардың игілігі үшін жасалған ірі жоба.
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлар қауымы реформалар бағытын бірауыздан қолдайды және біздің еліміздің конституциялық негізін қорғауды жалғастыратын болады.
Степан ЗАЙТЛЕР,
Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры, 3-ші дәрежелі мемлекеттік
заң кеңесшісі.
