«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫ ҚАНАТТАНДЫРАДЫ

“Даму” қорының аймақтық филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрген кәсіпорындарға баспасөз туры ұйымдастырылды. Қордың өңірлік филиалының директоры Мереке Сыздыков қаржылай қолдау шаралары туралы айтып берді.

– Жыл басынан жалпы сомасы 24,16 млрд. теңгені құрайтын 430 субсидиялау келісімі жасалды. Олардың ішінде: “Бизнестің жол картасы – 2025” бағдарламасы бойынша – 16,28 млрд. теңгеге 419 келісімшарт, “Қарапайым зат­тар экономикасы” бағдар­ламасы бойынша – 7,88 млрд. теңге со­масына 11 келісімшарт жасалды. Ішінара кепілдік беру көлемі де өсті. Үстіміздегі жыл­дың бірінші жартыжылдығында 361 жобаға берілген несиенің жалпы сомасы 12,7 млрд. теңге болды, – деді Мереке Өмір­бекұлы.

Түрлі салаларда бизнес-идея­ларын жүзеге асырып жатқан төрт кәсіпорынның басшылары мем­ле­кеттік бағдарламалардың кө­мегі туралы баяндады. “МАТЕКС” ЖШС-і шұлықтар мен бас киім­дер, мойынорағыштар тоқиды. Кә­сіпорын директоры Арамаис Тер-Аствацатурянның айтуынша, жо­ғары сапалы ши­кізат қолданы­ла­ды. Компания айналым капита­лын толықтыру үшін “Еуразиялық банк” АҚ ар­қылы жылына 17,5 па­йызбен несие алған. Қор “Бизнес­тің жол картасы – 2025” бағдарла­масы аясында несиені субсидия­лады. Нәтижесінде кәсіпорын қа­рызды 6 пайыз өсіммен төлейді.

Сергей Сокирко ашқан “Sens Fashion” ЖШС-і болса “Банк ЦентрКредит” АҚ арқылы “Даму-Өндіріс” бағдарламасы аясында 6 пайыздық жеңілдетілген несие алған. Мұнда аң терісінен бас киім, былғары сырт киім, мектеп формасы, кеңсе киімдері, төсек-орын жабдықтары және ка­муфляж тігіледі. Қаламызда ательелер желісі бар. Мектеп формаларының түрі де сана­луан. Киім ыңғайлы және мектеп формасына қойылатын мемле­кеттік талаптарға толық сәйкес келеді. Компания мұғалімдерге арналған іскерлік үлгідегі киім шығаруды да қолға алыпты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік жобасы аясында сенім­герлік басқаруға берілген “Бескөл мектеп-колледжі” ЖШС-і метал­лургия және машина жасау ма­мандығы бойынша оқытады. Бү­гінде мұнда 42 студент білім алып жатыр. Интернат пен шағын орталық бар. Серіктестік “Қазақ­стан Халық Банкі” АҚ арқылы инвестициялық мақсатта 14 па­йызбен несие алған. Оны қор 6 пайызға дейін төмендетті. Несие қаражатына оқу орнына толық­тай дерлік жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар хи­мия, физика, биология, робото­техника кабинеттері жабдықта­лып, спорт құралдары, компью­терлер мен кеңсе, асхана жаб­дықтары, интерактивті тақталар, оқулықтар алынды.

“Левин В.Д.” жеке кәсіпкерлігі өндіріс көлемін арттыру мақ­сатында екі роботты манипуля­тор сатып алу үшін “АТФ Банк” АҚ-дан “Қарапайым заттар эко­номикасы” бағдарламасы бойын­ша жылына 15 пайызбен несие алды. Оның 9 пайызын “Даму” қоры субсидиялады. Ал кәсіпкер несиені 6 пайызбен төлейді. “Левин В.Д.” жиһаз фабрикасы – облыстағы ірі жиһаз өндіруші екенін айта кеткен жөн.

– Барлық жиһаз жергілікті ағаштан және экологиялық таза материалдардан жасалады. Үс­тел мен орындықтар жасау үшін жергілікті қайың пайдала­ныла­ды. Дайын өнім Петропавл, Ал­маты мен Нұр-Сұлтан қалала­рында сатылады. Үстіміздегі жы­лы Павлодар мен Орал нары­ғы­на шығуды жоспарлап отырмыз, – дейді “Левин В.Д.” жеке кә­сіпкерлігі басшысының орын­басары Евгений Лиценбергер.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp