Облыс орталығында техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіруді, 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында кәсіпорындарда менеджмент жүйесін қалыптастыру тақырыбы бойынша салалық семинар өтті. Оның барысында ірі кәсіпорындар мен орта және шағын бизнес өкілдеріне, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті мемлекеттік басқармаларға менеджмент жүйесінде жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат мәселелері түсіндіріліп, мамандарға техникалық реттеу мен менеджмент жүйесі бойынша кеңестер берілді.
Семинарда, сондай-ақ, сапа менеджментіне енгізілген өзгерістер, қойылатын талаптар мен тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру және жұмысты оңтайлы ұйымдастыру жайындағы мәселелер көтерілді.
(Өз тілшіміз).