«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕНТАЛИТЕТІМІЗДІ ӨЗГЕРТУІМІЗ КЕРЕК

Мұхаммед па­й­­­­­­ғам­бар, одан қала бер­ді бүкіл араб сауда­гер болған. Өйткені, олар қоныс тепкен тер­ри­торияның бәрін құм алып жатыр. Табиғат жағдайы басқа кәсіппен айналысуға мүмкіндік бермеген, ыстық. Сөйтіп, бір жағы Рим империясы, бір жағы Египеттің арасында делдал болып, саудамен күн көрген. Ал өзімізге келсек, қазаққа саудагер болу жараспайды. Яғни, қазақтың шүйгінді, шұрайлы, табиғи ресурстарға бай жері бола тұра, саудамен айналысуымыз ұят. Алайда, біз оны “менеджмент” деп қолдансақ, орынды болар еді. Менеджмент тек сауда мен бизнеске ғана емес, ғылымға да керек. Мәселен, компьютер программаларын алғашқы болып орыстар жазса да, Билл Гейтс оның іске асырушысы ретінде әлемде мойындалып, аты кең таралып кетті. Себебі, ол менеджменттік жүйені меңгеріп, өз тәжірибесінде қолданған. Билл Гейтс ұлы тұлға емес, ол, тіпті, оқу орнын да бітірмеген. Ғылымды кәсіпке айналдырып, ақша табудың жолдарын жақсы білген. Менеджментті іске асыруды біздің елдің азаматтары да үйренуі керек. Ал кәсібін дөңгелетіп жүргендерді насихаттау жеткіліксіз. Қазақтың менталитетін өзгерту керек.

Жол түсіп, Иранға бардым. Тегеран көшелерінің бәрі кептеліс, ауызсу аз. Ха­лық таршылыққа үйренген. Және кәсіптің түр-түрімен айналысады. Қытайда да солай. Біздің кейбір ауылдарда малшылар, қойшылар жоқ, бар болған күннің өзінде аз жалақыға ешкімнің жұмыс істегісі келмейді. Менталитетті өзгерту керек деге­німіз осыдан шығады.

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ,

Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі.

(“Ақиқат” журналынан алынды).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp