«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“МЕНІҢ ЕЛІМ — МӘҢГІЛІК ЕЛ”

Петропавлдағы Жастар сарайында Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының ұйымдастыруымен “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты 25 жұлдызды күн акциясы аясында “Менің елім – Мәңгілік Ел” жастардың жалпыреспубликалық патриоттық акциясы өтті. Оның мақсаты жастар арасында “Мәңгілік Ел” жалпыұлттық патриоттық идеясын насихаттау, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына жастардың қосқан үлесін көрсету болды.

Шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ауқымды акцияның маңызына тоқталып, мемлекетті көркейту жастардың қолында екенін атап өтті.

Акция барысында қарағандылықтар салтанатты түрде өңіріміздің жастарына елімізді аралап келе жатқан “Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына” атты кітапты тапсырды. Бұл кітапта тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде оларға жасалған қамқорлықтар, сондай-ақ, кейінгі толқынның Елбасын қолдау жөніндегі үндеулері жазылған. Енді бұл кітап Ақмола облысы жастарына табыс етілмек.

Қараша айының басында Талдықорған қаласында басталған шара Тұңғыш Президент күні Астана қаласында қорытындыланбақ.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp