«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕН – БРЕНДПІН!

Облыс орталығында «Мен – брендпін!» деген атаумен әйелдерге арналған бизнес форум өтті. Оған кәсіпкерлік саласында жүрген 50 қыз-келіншек қатысып, өзара тәжірибе алмасып, ортақ мәселелерді талқылады.

  Open Space үлгісінде ұйымдастырылған форумда кәсіпкерлер «Мен кім?», «Қандай компанияны басқарамын?», «Шараға қандай мақсатпен қатыстым?» деген сұрақтарға жауап берді.
– Біздің кәсіпкер әйелдер үшін бүгінгі форум өте пайдалы болды. Өйткені айналысатын салалары әр түрлі болғанымен, жиі кездесетін ортақ мәселелер бар, – дейді бизнес форумды ұйымдастырушы Айжан Колчина.
Елордадан келген спикерлердің бірі Татьяна Хасанованың айтуына қарағанда, нарықта өз орныңды табу үшін үнемі ізденіс үстінде жүру керек. Ең бастысы бәсекеге қабілетті өнім ұсынып, сапалы қызмет көрсеткен жөн. Қазір тұтынушылардың талабы жоғары болғандықтан, сапаға басымдық бергендердің тасы өрге домалайды.
Мол мағлұмат алған кәсіпкер әйелдер осындай кездесулерді алдағы уақытта да ұйымдастыруды сұрады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp