Сәуірдің 7-сі — Дүниежүзілік денсаулық күні. Дәл осы күні 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық ұйымы құрылған болатын.
Атаулы күн қарсаңында Петропавлда “Мен денсаулықты таңдаймын” тақырыбында акция өткізілді. Спорт сарайында өткен шараға студенттер, оқушылармен қатар аға ұрпақ өкілдері де жиналып, жаттығуға қатысты. Акцияның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау. Шарада денені жаттықтырып, үнемі қозғалыста болу, уақтылы және дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы мол екендігі айтылды. Сондай-ақ, салауаттылықтың бір белгісі — зиянды әдеттерден арылу. Осы күні еріктілер темекі шегетін азаматтарға темекісін жеміске айырбастауды ұсынды.