«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕН ДЕ ГАЗЕТТІҢ ОҚЫРМАНЫ БОЛАМЫН

Менің отбасым газетті үзбей оқиды. Облысымызда шығатын “Солтүстік Қазақстан” газетіне жазылады. Әжемнің айтуынша, бұл газет бұрын “Ленин туы” деп аталған. Газеттегі мақалалар әр-түрлі саланы қамтыған. Осы газетті “Солтүстік өңірдің жаршысы” дейді. Өйткені, басылым облыстың түкпір-түкпіріне маңызды жаңалықтарды жеткізеді. Одан саясат, білім, спорт, денсаулық, төтенше жағдайлар мен ауа райы туралы оқуға болады. Бұл газетте маған ұнайтыны – балаларға арналған бет. Мен одан балалардың жетістіктері туралы ақпаратпен, қызықты оқиғаларды, ертегілерді оқимын. Мен өскенде осы газеттің тұрақты оқырманы болғым келеді.

Темірлан ЕРЕЖЕП,

қалалық классикалық

гимназияның 2-сынып

оқушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp