Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкіміне сəйкес Қазақстанда жыл сайын “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурсты дайындау жəне өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2019 жылғы “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсын жариялады.
Конкурс үш кезең бойынша өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық. Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға үстіміздегі жылғы сəуірдің 1-інен 30-ына дейін беріледі. Толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан алуға болады.
Ұйымдастыру алқасы.