«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекеден кейінгі демалыс күндері жұмысқа шығу заңнамаға сай жүргізіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовті қабылдады.

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Президентке мемлекеттік қызметшілердің мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа шығуы Қазақстан заңнамасына қайшы емес екенін және өзгертулер енгізуді талап етпейтінін жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмасы Еңбек кодексін толық сақтай отырып, кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерді орындау үшін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес орындалады. Еңбек кодексі бойынша мемлекеттік қызметшілер жұмысқа өзінің жазбаша келісімімен шығады және олардың бір күндік жұмысының еңбекақысы кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді. Мерекелерден кейін келетін демалыс күндері жұмысқа Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ведомстволардың кезек күттірмейтін және маңызды міндеттерге жауапты қызметкерлері тартылады.

“ҚазАқпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp