«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелеріңізбен!

Құрметті әріптестер!

Кәсіби мерекеміз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні облыстың барша журналистерін, баспасөз, телевизия мен радио қызметкерлерін, ардагерлерімізді шын жүректен құттықтаймын!

Журналистер күні – бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлерінің ғана емес, шын мәнінде бүкіл халқымыздың мерекесі. Қазір біздің қоғамымызға ақпарат қандай қажет болса, оны жеткізудің құралдары, күнделікті құбылыстар мен оқиғаларды кәсіби тұрғыда бағалап, саралап көрсету де ауадай қажет. Жерлестерімізді тәуелсіз мемлекетіміздің, туған өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің тыныс-тіршілігінен күн сайын жедел де жан-жақты хабардар ететін Сіздер – бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері. Біздің журналистер осы заманның көкейкесті мәселелерін жіті аңғарып, ой елегінен өткізіп, ақиқат ақпаратты жедел тарату арқылы отандастарымыздың шынайы өміршең көзқарасын қалыптастыруда маңызды қызмет атқарып келеді.

Ең бастысы – кәсіби шеберлікпен, адал ниетпен дайындаған хабарларыңызды көретін, жазғандарыңызды оқитын қауымның, өздеріңіз тілге тиек етіп, көрсететін кейіпкерлеріңіздің қалтқысыз сенімі мен қолдауына ие болу бақытын тілеймін!

Қажырлы еңбек пен берекелі шығармашылық қуанышы әрқашан серік болсын!

Ерлан ТОҚШЫЛЫҚ,

 Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp