«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік дастарқан сәні

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің және Петропавл қалалық кірістер басқармасының мамандары ұлттық тағамдар байқауын ұйымдастырды.

Бұл күні олар мерекелік дастарқан жайып, мерейлі шараға жиналғандарды жылы шыраймен қарсы алды. Қазақ, орыс, өзбек, татар, кавказ, түрік, украин халықтарының әртүрлі ұлттық тағамдарын әзірлеп, ұсынды. Әрбір дастарқанның жанында ұлттық киім үлгілерін киген қыздар қонақжайлылық көрсетті. Барлық келушілерге наурызкөже, палау, бауырсақ сияқты өзге де тағамдар тегін үлестірілді. Сондай-ақ, аталмыш ұжымдардың өнерпаздары ән-биден шашу шашып, мереке көркін қыздыра түсті.

Мереке қарсаңында департаменттің бірқатар қызметкерлеріне материалдық көмек көрсетілді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp