Үстіміздегі жылғы 4 шілде күні М.Жұмабаев көшесінде (Қазақстан Конституциясы көшесінен Е.Букетов көшесіне дейін) Астана күнін атап өтуге арналған мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Онда жылдағы дәстүр бойынша қымыз фестивалін ұйымдастыру жоспарлануда. Соған орай облыстың аудандары ұлттық сусынның бірнеше түрін ұсынады.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінен тұтынушылар сиыр, қой, шошқа және құс еттерін, сүт және сүт өнімдерін, бал, балық, жұмыртқа, көкөніс пен картоп сатып ала алады. Бұл күнгі шарада 100 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері саудаға шығарылады.
Жәрмеңкеге облыстың 13 ауданы, құс фабрикалары және басқа да ұқсату кәсіпорындары қатысады. Барлық өнімдердің бағасы нарықтағыдан 10-20% төмен болады.
Алтынбек АБДУЛЛАЕВ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы
басшысының орынбасары.