Халықаралық қарттар күніне орай петропавлдық қарттарға мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Бұл дәстүрлі шараға қатысқан соғыс, еңбек ардагерлерін қала әкімі Марат Тасмағамбетов құттықтады. Қалалық мәдениет үйінің шығармашылық ұжымдары қызғылықты бағдарлама ұсынды.
Бүгінгі күні облыс орталығында 43 мыңнан астам зейнеткер бар екен. Олардың 4 мыңдайы екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тылда аянбай еңбек аға ұрпақ өкілдері болса, ал майдан даласында елі мен жерін қорғағандардың қазіргі күні 66-cы ғана қалған екен.