«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – бүкіл еліміз үшін шын мәніндегі аса маңызды тарихи оқиға.

Конституция құқықтық, әлеуметтік бағдар ұстанған мемлекет құрудың негізіне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамудың қозғаушысына айналды.

Біздің еліміз ғасырлар тоғысында дамудың демократиялық жолын таңдады. Конституция адамды, оның құқығы мен бостандығын мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп жариялады. Ол барша азаматтардың тең құқықтығының және еліміздің одан әрі демократиялық дамуының, қоғам мен адам мүдделерін қорғаудың кепіліне айналды.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайтып, әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын алды. Еліміз бүкіл Орталық Азия аймағында шын мәнінде көшбасшы және сенімді әріптес болып табылады.

Бүгіндері республикамыздың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Қазақстандықтар Бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған “100 нақты қадам” Ұлт жоспарын орындауға кірісті.

Біз Негізгі Заңды басшылыққа ала отырып, Қазақстанның нығаюы мен гүлденуі тек қана біздің бірлігімізге, ортақ күш-жігерімізге байланысты екеніне сенеміз.

Солтүстік Қазақстан облысы тұрақты серпінмен даму үстінде. Өңірімізде жаңа кәсіпорындар ашылуда, жұмыс орындары құрылуда, агроөнеркәсіп кешені өсімнің жоғары қарқынына қол жеткізуде.

Біз Конституциямыздың нормаларына сүйене отырып, бұдан әрі де әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін тиімді шешетінімізге, облысымыздың бай әлеуетін жүзеге асыратынымызға сенімдімін.

Барша солтүстікқазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір отбасына бақыт, мықты денсаулық, игілік, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp