Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Білімнің қолжетімділігі мен сапасы – қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының қатарында. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында: “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек”, – деп атап көрсетті.
Солтүстік Қазақстан облысында білім беруді дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылады. Саланы қаржыландыру жыл сайын артып, жаңа мектептер ашылуда, мекемелердің материалдық базасы нығайтылуда, оқу үдерісіне білім берудің инновациялық әдістері енгізілуде, мұғалім мамандығының беделі артуда.
Қазіргі әлемде білім – қоғамның алға басуы мен гүлденуінің негізі, табысты мансаптың және қызықты, жарқын оқиғаларға толы өмірдің міндетті шарты болып табылады.
Білім күні – барша ұрпақтың мерекесі. Ол, әсіресе, барлық оқушылар мен студенттер, ата-аналар мен ұстаздар үшін маңызды әрі толғанысты күн.
Осынау мерекелі күні барша солтүстікқазақстандықтарға оқу жылының сәтті де қызықты болуын, мықты денсаулық, бақыт, білім биіктеріне жету жолында жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.