Құрметті мұғалімдер, білім саласының қызметкерлері мен педагогикалық еңбек ардагерлері!
Кәсіптік мерекелеріңіз – Мұғалім күні құтты болсын!
Сіздердің ізгі де оңай емес еңбектеріңіз қоғамда лайықты құрметке ие. Ол жоғары кәсіптік шеберлікті, зор рухани күш-қуатты, даналықты, шыдамдылық пен жанқиярлықты талап етеді.
Сіздер жеке тұлғаны қалыптастырасыздар, дербес ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға, өз таңдауы үшін жауап беруге үйретесіздер.
Бүгінде отандық білім беру саласын дамыту мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдықтарының бірі болып саналады. “Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында.
Солтүстік Қазақстан облысы өз мұғалімдерімен әрқашан мақтанып келді және қазір де мақтан тұтады. Құрметті ұстаздар, өздеріңіздің кәсіптік парыздарыңызға адалдықтарыңыз, күн сайын шәкірттеріңіздің бойына дарытатын жан жылуларыңыз үшін Сіздерге шынайы алғысым мен ризашылығымды білдіремін.
Облысымыздың білім жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғыс айтамын.
Қымбатты педагогтер! Осы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, таусылмас күш-қайрат тілеймін! Әрдайым алға ұмтылып, білім шыңдарын бағындырып, шығармашылықпен өсіп-өрлей беріңіздер!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Ұлық та қасиетті Құрбан айт мейрамы құтты болсын!
Әрбір мұсылман үшін маңызды Құрбан айт жақсылықтың, әділдік пен мейірімділіктің жоғары мұраттарын тоғыстырған.
Ол рухани тазаруды және адамгершілік жағынан әбден жетілуді бейнелеп, қоғамымызда бірлікті нығайтуға ықпал жасайды.
Бүгінгі таңда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатының нәтижесінде татулық пен келісім қамтамасыз етілген қуатты да құт-берекелі мемлекет орната білдік. Біздің ортақ парызымыз – осынау аса маңызды құндылықтарды сақтау және еселей түсу.
Нұрлы мейрам – Құрбан айттың идеясы алдағы уақытта да қоғамымызда өзара түсінушілік пен топтасқандықты нығайтуға жәрдемдеседі деп сенемін.
Барша солтүстікқазақстандықтарға мықты денсаулық, жақсылық, отбасы берекесін және бақыт тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.