Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді мемлекетіміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бостандық пен бірлікті бейнелейтін бұл ұлы мереке әрбір қазақстандыққа айрықша қымбат. Тәуелсіздік алуының арқасында Қазақстан қуатты да гүлденген мемлекет орнатудың орнықты жолына түсті.
Саяси тұрақтылық, тиімді экономика және Президентіміздің жаһандық бастамалары Қазақстанды бүкілдүниежүзілік қоғамдастыққа танытып, құрметке бөледі.
Елбасының саясатының басты ұстанымы – бүкіл қоғамымыздағы татулық пен келісім мемлекеттіліктің негізі және берік іргетасы болып табылады. Осы баға жеткісіз тәжірибе – басты байлығымыз және игілігіміз.
Бүгінгі таңда мемлекетіміз адамның өмір сүріп, еңбек етуіне жайлы ахуал туғызуда оған инвестиция салу басты инвестиция болып табылатын әлеуметтік саясат ұстанымдарын дәйектілікпен жүзеге асыруда. Адамдар елімізде және өңірімізде болып жатқан күнбе-күнгі оң өзгерістерді өздері арқылы сезінуде.
Адам алдағы күндерге сеніммен қараған жағдайда кез келген, тіпті, ең өршіл міндеттерді шешу оның қолынан келеді. Туған еліміздің өркендеуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосу үшін солтүстікқазақстандықтардың сенімділігі мен күш-қуаты жеткілікті деп сенемін.
Барша жерлестерімді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын пейілмен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ашық аспан және амандық-саулық тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.