«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Ең сүйікті де мейірбан және шын мәніндегі отбасылық мереке – Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жылмен қауышу дәйім жаңа жетістіктерге жету мен көзделген жоспар орындалады деген үмітке толы болады.

Биылғы жыл еліміз үшін айшықты да айтулы оқиғаларға толы болды. Біз Тәуелсіздіктің 23 жылдығын жаңа жеңістермен және жетістіктермен атап өттік.

Еліміз өзінің экономикалық және саяси тұрақтылығын паш ете отырып, дүниежүзілік дипломатия мен интеграциялық үдерістің нағыз орталығына айналды. Астанада үш ел – Ресейдің, Қазақстанның және Беларусьтің Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи шартқа қол қойды.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ел халқына арнаған “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” кезекті Жолдауы өткен жылдың түбегейлі оқиғасына айналды. Президенттің стратегиялық үндеуі бүкіл елдің алдынан жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашып отыр.

Алдағы жылы біз республикамыз үшін маңызы айрықша мерекелер: Конституцияның қабылдануының және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын және қазақ мемлекеттілігінің шаңырақ көтергенінің 550 жылдығын жалпымемлекеттік деңгейде кеңінен атап өтпекпіз.

Қымбатты достар!

Үстіміздегі жылы біздің Солтүстік Қазақстан облысында да атқарылған істер аз емес. Жаңа әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілді, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік дамуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда.

Біз Жаңа жылда алдымызға маңыздылығы бұрынғыдан еш кем емес міндеттер қойып отырмыз. Оның бәрі ойдағыдай орындалады деп сенемін.

Барша солтүстікқазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жылмен шын пейілден құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, мерекелік көңіл күй және ең асыл тілектеріңіздің орындалуын тілеймін! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа сәттілігін, молшылығын және амандық-саулығын ала келсін!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp