«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді Христос Рождествосымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне үміт пен сүйіспеншілік ұялатады, қайырымдылық пен бейбітшілікке ұмтылысты нығайтады, жасампаздық пен рухани жетілуді, мейірімділік пен жақындарға қамқорлықты оятады.  

Бүгінгі таңда барша қазақстандықтар осы мейрамды православие христиандарымен бірге қарсы алады.

Әрбір азаматтың діни сезіміне құрметпен және ықыласпен қарау, еліміздегі конфессияаралық келісім – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесі.

Адамзаттың мәңгілік ақиқатына сүйене, бір-бірімізді құрметтей отырып, біз өз жерімізде бейбітшілік пен тыныштықты сақтап қалдық. Қазақстан экономикада, саясатта және әлеуметтік салада зор жетістіктерге қол жеткізді. Бүгін біз Президентіміздің басшылығымен әлемнің ең көркейген елдерінің қатарына енуге ұмтылып отырмыз.

Рухани келісім мен толеранттылықты нығайта отырып, біз бұл жоғары мақсатқа сөзсіз қол жеткіземіз!

Рождество жарқын мейрамының идеясы осыған тек қана жәрдемдесетініне сенімдімін.

Ол алдағы уақытта да адал ниеттер мен игі істерде біздерді біріктіре берсін!

Солтүстікқазақстандықтардың үйлерінде әрдайым бақыт пен береке болсын!

Мейраммен, қымбатты жерлестер! Христос Рождествосымен!

Ерік СҰЛТАНОВ,

 Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp