
Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Сіздерді нақ осы күні – 1995 жылғы 1 наурызда құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес осы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды.
Бұл – біздің бүкіл көпұлтты халқымыз үшін маңызды, тарихи оқиға.
Ассамблея жылы Бірлік және келісім жылын, “Мәңгілік Ел” ұлттық идеясын жүзеге асыру жылын, “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” жаңару және даму жылын бейнелейді.
Президентіміздің бастамасы бойынша құрылған бірегей қоғамдық институт – Ассамблеяның нақ өзі бүкіл қазақстандықтарды топтасқандық пен отаншылдық рухында сомдаған теңдессіз біріктіруші күшке айналды.
Татулық пен достық, бірлік пен тұрақтылық – біз аялауға және нығайтуға тиіс еліміздің ең басты құндылықтары.
Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстандағы ең көпұлтты өңірлердің бірі, сондықтан біз мұны мақтаныш етеміз және бұл байлықты бүкіл табыстарымыз бен жетістіктеріміздің негізі деп санаймыз.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік жылымен шын ниеттен құттықтаймын!
Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, татулық, жақсылық, амандық-саулық және табыс тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.