Қымбатты әйелдер!
Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесі құтты болсын!
Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында: “Сіздер – отбасының, демек мемлекеттің тірегісіздер”, – деп айрықша атап айтты.
Тамаша да жарқын 8 наурыз мерекесі айналамыздың жаңарып, жан бітуін айғақтап, көктемнің алғашқы сәулесін ала келеді.
Шаңырағымызда және қоғамымызда қашанда әйелдер айрықша орын алады.
Әйелдер отбасының ұйытқысы бола отырып, жақындарын жан жылуына бөлейді.
Әйелдердің қызмет биігіне өрлеуіне жол ашылған, соның арқасында Сіздер жауапты мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқара, ірі кәсіпорындарды басқара отырып, әр алуан салаларда табыстарға жетіп, туған өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер.
Сіздер өздеріңіздің жан мейірлеріңізбен, сарқылмас күш-жігерлеріңізбен шаңыраққа береке кіргізесіздер, бойға сенім ұялатып, айналаңыздағыларды демеп отырасыздар. Сүйіспеншіліктеріңіз, қамқорлық пен төзімдеріңіз үшін Сіздерге мың рақмет!
Аяулы арулар! Сіздерді тамаша көктем мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасы бақытын және игілік тілеймін! Жан-жүректеріңіздің жылуы, шаңырақтарыңыздың шуағы ешқашан да сарқылмасын!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.