Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Қымбатты жерлестер!
Ұлы мереке – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Сан ғасырдан бері халқымыздың рухани кемелділігін паш еткен осы бір айшықты мереке заманалар мен ұрпақтардың ажырағысыз байланысын, көктемгі күн мен түннің теңелуін, жаңаруды және тіршілік атаулының оянуын бейнелейді.
Наурыз мейрамы Тәуелсіздігімізбен бірге қайта өркендеп, шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекеге айналды.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі бірлік пен келісімді сақтауда Наурыз мейрамының ұлы мақсатын атап көрсетті.
Ел Президенті өзінің “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” Жолдауында атап көрсеткеніндей, “Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік”.
Нақ топтасқандық пен толеранттылықтың арқасында Қазақстанымыз ең биік мақсаттар мен жетістіктерді сенімді түрде жүзеге асырып келе жатқан мықты да көркейген елге айналды.
Бүкіл елімізбен бірге біздің Солтүстік Қазақстан облысы да даму үстінде. Өңірімізде мемлекеттік салалық бағдарламалар ойдағыдай орындалуда, өнеркәсіп және әлеуметтік нысандар салынуда, жаңа жұмыс орындары құрылуда.
Қалалар мен ауылдарды шырайландыра түскен оң өзгерістер – Сіздер мен біздердің жұмыла атқарған жасампаз еңбегіміздің нәтижесі.
Қымбатты жерлестер!
Бұл күндері Отанымыздың түкпір-түкпірінде Наурыз мейрамын тойлап, оймен де, сезіммен де осы бір тамаша мерекенің ортақ қуанышын бөліскен қазақстандықтарды біртұтас отаншылдық құлшыныс топтастырып отыр.
Сіздерді ұлы мереке – Наурыз мейрамымен шын ниетпен құттықтаймын! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, жақсылық және амандық-саулық тілеймін!
Наурыз әрбір шаңырақты татулыққа, тыныштыққа бөлеп, көркейте берсін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.