«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Қасиетті мейрам – Ораза айт құтты болсын!  

Әрбір мұсылман қастер тұтатын бұл мейрам мейірімділік, ізгілік, әділдік және жақындарына жанашырлық сияқты мызғымас рухани құндылықтардың маңыздылығын бейнелейді.

Бүгінгі таңда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында Қазақстанды әлем этносаралық және дінаралық келісімінің тамаша үлгісі ретінде танып отыр. Елордамыз – Астана қаласы әлемдік және дәстүрлі діндер мен мәдениеттердің үнқатысуының шын мәніндегі орталығына айналды.

Солтүстік Қазақстан облысы республикамыздағы ең көпұлтты өңірлердің бірі ретінде топтасқандық пен бірліктің үлгісі болып табылады. Баршамыз үшін аса маңызды осы құндылықтарды нығайту және қастерлеу – ортақ парызымыз.

Ораза айттың жарқын идеялары қоғамымыздағы татулықты, достықты және толеранттылықты нығайтуға алдағы уақытта да ықпалын тигізе береді деп сенемін.

Ораза айт әрбір шаңыраққа жылылық, амандық-саулық, дәулет пен бақыт әкелсін!

Мейраммен, қымбатты жерлестер!

Ерік СҰЛТАНОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp