«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерекелік құттықтау

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшы күнімен құттықтайды! Сіздердің мамандықтарыңыз – игілікті де жасампаз. Құрылысшылар адамдарға баспана мен жан жылулығын сыйлайды, өздерінің құрылыстарымен облыс орталығы мен ауылдарды сәулетті ете түседі.

Құрылыс кәсіпорындары алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылуына қолдау көрсеткенін атап айтқан жөн. Біздің ынтымақтастығымыздың тұрақты да өзара тиімді болатындығына сенімдіміз.

Қымбатты достар! Сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі ешқашан да өзінің маңызын жоғалтпайды. Пайдалануға берілген нысандар – дамыған экономиканың және өңірдің әлеуметтік маңызды мәселелерінің шешілуінің көрсеткіші.

Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен амандық, құрметті еңбектеріңізге табыс тілейміз!

 Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp