Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!
Осынау шын мәніндегі айрықша мереке халқымыздың топтасқандығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жоғары сенімін бейнелейді.
Халық таңдауы тәуелсіздігіміздің қалыптасуының барысын айқындап, Қазақстанның өркендеуші мемлекеттің жолымен сеніммен алға басуының берік негізін қалады.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел басқаруды аса күрделі жағдайда қолға алды. Ол алғашқы күндерден бастап мемлекеттің ең басты негізгі құндылықтары ретінде бүгін де еліміздің берік дамуының негізі болып табылатын бірлікті, тұрақтылық пен келісімді ұсынды.
Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстан нық мемлекеттілік пен қуатты экономиканы құруда тамаша табыстарға қол жеткізді.
Мемлекет басшысының күш-жігерінің арқасында бүгінде әлем елімізді ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан, халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы сенімді серіктес, жаһандық ықпалдасуды және экономикалық ынтымақтастықты дамыту үдерісіндегі стратегиялық одақтас ретінде танып, құрметтейді.
Ел Президенті кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғашқы болып мемлекет дамуының 2030 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясын ұсынып, ол өзінің негізгі параметрлері бойынша ойдағыдай орындалды.
Осының бәрі – қазіргі заманның дүниежүзі таныған аса көрнекті саясаткері Елбасымыздың кемеңгерлігінің, зор саяси ерік-жігерінің және көрегендігінің айғағы.
Мемлекет басшысының “Қазақстан – 2050” Стратегиясындағы, “Нұрлы Жол” жаңа экономикалық саясатындағы, Бес институттық реформасындағы айқын бағдарлар еліміздің одан әрі табысты дамуының кепілі болатындығына сенімдімін.
Қымбатты жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, құт-береке мен табыс тілеймін!
Ерік СҰЛТАНОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.